Аралда қалғандай күй кешкен ауыл тұрғындарының жағдайы күннен күнге қиындап барады. Халықтың азық -түлігі, дәрі -дәрмегі таусылған. Мына кадрларды тұрғындар ұялы телефонға түсіріп, біздің тілшілерге жіберіпті. Үлгі деп аталатын ауылды аудан орталығымен байланыстыратын 15 шақырым жол соңғы рет үш апта бұрын тазартылыпты. Қатты аяздың кесірінен ат шанамен де қатынау мүмкін емес. Ауылдықтар қазір ауру сырқауларды аудан, облыс орталығына қалай жеткізерлерін білмей дал.
Мұрат Рсаев, Үлгі ауылының тұрғыны:
-Жағдай мүшкіл. Үш жұма өтті. Әкімдікке Нұр Отанға айттық. Нәтиже жоқ. Жол жоқ. Өткенде ауыл әкімінің есеп берді. Соған Шарипов деген жете алмай жаяу келді.