Жарияланды: 20

СҚО-да екі аптадан бері 24 жастағы бойжеткен табылмай жатыр

СҚО-да екі аптадан бері 24 жастағы бойжеткен табылмай жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында 24 жастағы Алена Пятковаға іздеу жарияланды. Одан екі аптадан бері хабар жоқ.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

СҚО волонтерлері әлеуметтік желідегі парақшада Алена Евгеньевна Пятковаға іздеу жариялады. 1999 жылы туған бойжеткен 10 қаңтардан бері жоқ. Мамлютка қаласында тұратын ол сол күні Петропавлға барам деп жолға шыққан. Содан бері хабарсыз.

Аленаның бойы 168 см, арықша келген, ұзын қара шашты, көк көзді.

Сол күні басында қызғылт түсті бас киім, үстінде қара-көк түсті, жағасы ақ терімен көмкерілген куртка, көк джинсы шалбар, қара бәтеңке болған.

Іздеу жарияланған бойжеткен жайында қандай да бір ақпарат болған жағдайда 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуға болады.

Бұған дейін 47 жастағы Мұрат Ғалымұлы Мұханжаровқа да іздеу жарияланғанын айтқан едік. Петропавл тұрғыны соңғы рет туыстарымен қазан айында байланысқа шығып, СҚО Булаев қаласында құрылыста жүргенін айтқан. Кейін онымен байланыс үзілген.

Ер адамның бойы 170 см, қой көзді, қара қысқа шашты.

Жоғалған ер адамды көрген-білгендер болса, 8 775 152 07 52, 8 775 631 48 11 және волонтерлердің 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 нөміріне немесе 102-ге хабарласа алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін