СҚО-да еліктер аштан қатып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да еліктер аштан қатып жатыр

СҚО-да еліктер аштан қатып жатыр

Солтүстік Қазақстанның орманшылары жабайы жануарларды қоректендіруге шықты. Омбы қардан аяқ алып жүре алмай қалған еліктер аштан қатудың шақ алдында. Десе де, қорықшылар аңдарды көктемге аман шығаруға уәде беріп отыр.  

  • 10 Ақпан 2015
  • 306
Фото - Caravan.kz

Қорықшы Александр Чуканов қарда жүретін көлікпен мына жерге күн құрғатпай келеді. Оның азық әкелетін уақытын білетін жануарлар да орманшыны сырттан бақылап тұрады екен. Онсыз да омбы қармен жүріп шаршайтын аңның азық таба алмаса аштан қататыны мәлім. Жем іздеген еліктер амалдың жоғынан тіпті ауылдарға да кіреді. Қазір өңірдегі 5 қорықта екі мыңға жуық елік, 40 шақты бұлан мен 838 бас марал мекендейді. Мұнда аң аулауға тыйым салынған. Әрбір жануар есепте.

Қайырбек Қасенов, «Мамлют» орман шаруашылығының бастығы:

-Жабайы жануарларды аптасына үш рет азықтандырамыз. Былтырлары екі рет жеткілікті еді. Қолдан азықтандыру жұмысы қар ерігенше жалғасады.