СҚО-да халық араға 20 жыл салып өз баспаналарын даулап жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да халық араға 20 жыл салып өз баспаналарын даулап жүр

СҚО-да халық араға 20 жыл салып өз баспаналарын даулап жүр

Солтүстік Қазақстан облысында Саумалкөл ауылының тұрғындары араға 20 жыл салып өз баспаналарын даулап жүр. 90-шы жылдары коммуналдық қызметтен ажыратылған көпқабатты үйлерді олар амалсыз тастап кеткен. Енді қаңырап бос тұрған баспаналарды аудандық әкімдік өз балансына алып, жөндеуді бастағалы жатқандары сол еді халық  меншігіндегі дүниесін қайта талап етіп жатыр.

  • 30 Шiлде 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

 -Бұл екі ықшамаудандағы отыздан астам көпқабатты үй өткен ғасырдың  70 жылдары бой көтеріпті. Пәтерлер уран кенішінде жұмыс істегендерге  таратылған. Қазір көпқабатты үйлердің тең жартысы қаңырап бос тұр.

Мына жиналған халық сол бос тұрған үйлердің бұрынғы иелері. 20 жыл бұрын кеніш жабылғанда, ықшамауданның басынан бақ тайған.   Барлық коммуналдық қызметтен ажыратылған пәтерлерді халық амалсыз тастадық дейді. 

Светлана Клеменко, Саумалкөл ауылының тұрғыны:

-Жылудан ажыратқанда баларымызды кірпішпен жылыттық. Газсыз қалғанда аш құрсақ отырдық, кейін жарықты өшіріп тастағанда амал жоқ көштік.

Осылайша ықшамдаудан халқы сол жылдары жан-жаққа бытырап кетіпті. Қалтасы көтергендері жер үй сатып алған. Көбі осы күнге дейін әр жерден баспана жалдап жүр. Ал бос тұрған үйлер маскүнемдер мен нашақорлардың жын ойнағына айналған. Осыдан екі жыл бұрын аудан басшылары ықшамауданды қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдапты. Шағын қазандық орнатып, су мен жарық тартқан. Мұны естіген халық енді пәтерлерін даулап шыға келді.

Гүлнар Естенғалиева, Саумалкөл ауылының тұрғыны:

Бізге пәтерлерімізді қайтып берсін. Жарық, су, жылу қосса, үйіміздің ішін өзіміз-ақ жөндеп аламыз. Осы жылдар бойы үйіміздің салығын төлеп келдік. 

Бірақ енді ешқайсының пәтер даулауға еш құқы жоқ. Бос тұрған баспаналар әлдеқашан сот шешімінен коммуналды меншікке айналған.

Аманбек Махметов, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары: 

-Біз сотқа құжаттарды дайындап бердік. Соттың шешімін өздеріңіз білесіздер. Сондықтан бұл бір жақты, заңға қайшы келіп жатқан мәселе деп ойламаймын. Әрі қарай әр пәтер иесімен жүйелі түрде әңгімелесеміз, жұмысты жүргіземіз.

Аудандық соттан ұтылған тұрғындар енді облыстық сотқа шағым түсіріпті. Олардың бұлайша жанталасуы бекер емес. Курортты аймақ саналатын өңірде баспана бағасы шарықтап тұр.  

Соңғы жаңалықтар