-Жаз ортасы. Балалар қазір түрлі демалыс орындарында жазғы каникулын өткізіп жатыр. Ал кеше ғана думандатып жатқан «Заря»лагері болса, бүгін тып-тыныш. Мұнда жаппай уланған жағдайды естіген ата-аналар балаларын түгел алып кеткен.
Заря»лагерінде бұл уақытта 54 бала дем алып жатқан. Кешкі астан кейін іштері бүріп, бастары айналған балаларға жедел жәрдем шақырылыпты. 21 адам бірден аудандық ауруханаға жеткізілген. Араларында екі тәрбиеші мен тіпті лагерь директорының өзі де бар. Барлығы сол күні тауық етін жеген екен.
Ирина Бабаева:
-Тамақ іштік, содан бәріміз ауыра бастадық. Тауық еті мен қарақұмық берген. Қызанақ салатын да жедік. Білмейміз неде болғанын. Басымыз айналып,қатты ауырдық.
Қазір ішек аурулары бөлімінде «Заря»лагерінен жеткізілген 11 науқас жатыр. Қалғандарының беті бері қараған соң үйлеріне жіберіліпті. Ал балалардың дені Астанадан келген екен.
Зураш Тиыштықбаева, Айыртау аудандық ауруханасыныі бөлім меңгерушісі:
-Жүректері айныды.Құсты. Кейбіреуінің іші ауырды, температура көтерілді. Қазір жатқан кісілердің жағдайы жақсы. Анализдарын күтіп отырмыз.
Қазір лагерь жұмысы уақытша тоқтаған. Санитар дәрігерлер судан, астан сынама алып тексеріп жатыр. Әзірге сараптама қорытындысы дайын емес. Дегенмен, алғашқы болжам айтылды.
Марат Жексембин,СҚО тұтынушылар құқын қорғау департаментінің басшысы:
-Құстың етін жегеннен сондай жағдайға ұшырап отыр, құстың етін пайдаланғаннан кейін ол жерде ешқандай құжаттар растайтын жоқ, бұл құстың етіне сертификаты да жоқ, ешқандай документ бізден алынбаған ол жерде. Сондықтан сол құстың етінен болған нәрсе.
200 орындық «Заря» сауықтыру лагері жеке қолда. Сондықтан «қазаншының еркіне» салған лагерь иесі балалар тағамына рұқсат қағаздарды қажет санамаған сыңайлы. Енді оның да жауапкершіліктен сытылып кетпесі анық.