СҚО-да трактордың кесірінен пойыздардың қозғалысы тоқтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да трактордың кесірінен пойыздардың қозғалысы тоқтап қалды

СҚО-да трактордың кесірінен пойыздардың қозғалысы тоқтап қалды

Солтүстік Қазақстан облысында көпірден трактор құлай жаздады.  Ауыр техника өткелдің жақтауын сындырып, бір дөңгелегімен асылып қалған.  Ал жолдың астымен өтетін пойыздардың бәрі бірнеше сағат бойы қаңтарылып тұрды.

  • 17 Ақпан 2015
  • 306
Фото - Caravan.kz

Оқиға Мамлютка қаласында кешкі сағат 8 шамасында болды. Құтқарушыларға төтенше жағдай туралы сол маңайдың тұрғындары хабарлапты. Ал тракторын тастап қашып кеткен жүргізуші әлі күнге дейін табылған жоқ. Мамандар көпірден техниканы сүйреп шығарғанша 4 сағат өтті. Осы уақыт бойы өткел астындағы темір жол қозғалысын тоқтатуға тура келген.