СҚО-да жекеменшік үйден өрт шықты - құрбан болған адам бар - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да жекеменшік үйден өрт шықты - құрбан болған адам бар

СҚО-да жекеменшік үйден өрт шықты - құрбан болған адам бар

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында Сәдуақасов көшесінің бойындағы жекеменшік үйде кеше түнгі 23.54 кезінде өрт тұтанды. Тілсіз жау жарты сағаттың ішінде тоқтатылды.

  • 12 Ақпан 2014
  • 368
Фото - Caravan.kz


Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндірву қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды. 12 шаршы метр аумақ жер отқа оранды. Оқиға орнынан 1974 жылы туған әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.