СҚО-ның Новоишим елді-мекенінің тұрғындары қыста жылусыз қалатын түрі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-ның Новоишим елді-мекенінің тұрғындары қыста жылусыз қалатын түрі бар

СҚО-ның Новоишим елді-мекенінің тұрғындары қыста жылусыз қалатын түрі бар

Солтүстік Қазақстан облысы Новоишим елді-мекенінің  тұрғындары алдағы қыста жылусыз қалатын түрі бар. Бір жарым мың халықтың пәтерін жылытатын бу қазандығының иесі ғимаратты бұзамын деп отыр. Өйткені мойнында миллиондаған қарызы бар ол түрмеге тоғытылуы мүмкін. Осылай бола қалса тұрғындар ғана емес, бірнеше әлеуметтік нысан да жылудан қағылады. Олардың арасында 100 балаға шақталған балабақша да бар. 

  • 27 Тамыз 2013
  • 425
Фото - Caravan.kz

Амалдары таусылғаннан әкімінің үйінде қыстаймыз деп отырған мына тұрғындар алдағы аяздарды қорқынышпен күтеді. Оларды жылумен қамтамасыз етіп келген қазандық иесі ғимаратты құрылыс материалдарына   сатып жібермекші. 2002 жылы Александр Сенчилов оны 70 мың теңгеге  алған. Сол қиын уақытта аудан әкімі қазандықтарды бұзбай, жылу жүйесін сақтап қалуды өтінген екен кәсіпкерден.    

Александр Сенчилов, бу қазандығының иесі:

— Қаржы полициясы кәсіпкерлікпен заңсыз айналыстың және салықтан жалтардың деп айып тағып, қылмыстық іс қозғап отыр. 22 миллион теңге айыппұл салды. Енді 2  жылға қамалатын түрім бар.      

11 жыл бойы осындағы тұрғындар қазандықтарды өз ақшасына күтіп келген. Шаршы метріне 160 теңгеден төлеген олар жылу ақысын қымбатсынса да, қарыз қордаламапты. Араларынан сайланған есепші бұл ақшаға көмір сатып алып, 16 от жағушының жалақысын төлеп отырған.     Бірақ бұл бірлестіктерін олар ешқайда тіркемепті. Барлық мәселелерді  жиналыс жасап, бірге шешіп жүрген.  

Кестеге сай тамыздың соңына дейін қазандықтардың барлығы жөнделіп, жылыту жүйесі толығымен жуылып-шайылатын. Тіпті көмірдің қажетті қоры да осы уақытта есік алдында жатушы еді. Биыл бұл жұмыстардың ешқайсысы да атқарылмаған. Мың жарымға тарта тұрғынның алдағы қыстан қалай аман шығары белгісіз.

Бұл жағдайдан аудан басшылығы хабардар. Бірақ 11 жыл бойы  тұрғындардың заңсыз бірлестіктерін ресми тіркемей, көз жұмып келген. Енді міне мың жарым адамның зары құлақтарынан өтсе де қандай шара қолданарын нақты білмейді.


Қуаныш Құрманов, Новоишим ауылдық округінің әкімі:  

— Шешеміз бұл сұрақты

 -Мысалы қалай ?

 Жалға  аламыз ба, білмеймін мен оны шеше алмаймын, оған ақша керек, бір жарым мың адам,  450 пәтерді  оны жай қалдырмаймыз

— Қалай шешетіндеріңізді білмейсіздер ме?

— Шешеміз 

Бұл қазандық тек көпқабатты сегіз үйдің тұрғындарын ғана емес,  осы маңдағы балабақша мен спорт мектебін де жылытатынын айта кетейік.