Стамбұл қаласында Түркітілдес мемлекеттер парламент төрағаларының 1-ші конференциясы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стамбұл қаласында Түркітілдес мемлекеттер парламент төрағаларының 1-ші конференциясы өтеді

Стамбұл қаласында Түркітілдес мемлекеттер парламент төрағаларының 1-ші конференциясы өтеді

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарашаның 20-22-сі аралығында Түркияның Стамбұл қаласында Түркітілдес мемлекеттер парламент төрағаларының 1-ші конференциясы өтеді.

  • 17 Қараша 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

Оған ҚР парламенті сенаты төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев бастаған қазақстандық делегация қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Оның айтуынша, Түркітілдес елдердің парламентаралық Ассамблеясын құру туралы келісімге қол қою аталмыш конференцияның күн тәртібінің негізгі мәселесі болып табылады. «Түркітілдес мемлекеттердің парламентаралық Ассамблеясын құру және тиісті құжатқа қол қою маңызды оқиға болып табылады және бұл түркітілдес елдердің жақындасуындағы жаңа кезеңді білдіреді», деді Е. Ашықбаев.

Айта кетейік, Түркітілдес елдердің парламентаралық Ассамблеясын құру туралы бастаманы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006-шы жылдың қарашасында Антальяда көтерген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар