Стамбулда тағы жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стамбулда тағы жарылыс болды

Стамбулда тағы жарылыс болды

Стамбулдың Фатих ауданында жарылыс болды. Бірнеше көлік отқа оранды.

  • 16 Қараша 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы осы уақытқа дейін мәлімет түскен жоқ.

Кейбір ақпарат бойынша, өрт алдымен бір көлікті шарпыды, кейін жалын тұрақта тұрған өзге машинаға ауысты. Оқиға Ыстанбұлдың негізгі көрікті орындары — Айя-София мешіті және Көк мешіт орналасқан жерден 5 шақырым жерде – Қожа Мұстафа көшесінде болды.

Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады.


Еске салсақ, 13 қарашада Ыстанбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам жараланды. 14 қарашада жарылыс жасады деген күдікті ұсталғаны мәлім етілді.

Соңғы жаңалықтар