Стамбұлдағы ұшақ апаты: қайтыс болғандар саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стамбұлдағы ұшақ апаты: қайтыс болғандар саны артты

Стамбұлдағы ұшақ апаты: қайтыс болғандар саны артты

Стамбұлдағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны үш адамға жетті, ал бортта болған 179 адам зардап шекті.

  • 6 Ақпан 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы baq.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Түркия Денсаулық сақтау министрлігі Стамбұл әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандарға байланысты деректі жаңартты.

"Өкінішке қарай, үш азаматымыз қайтыс болды. Тағы 179 адам зардап шекті, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр," — деді денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.

Бұған дейін бір адам қаза тапқаны туралы хабарланған.


Бортта барлығы 183 адам болған, оның алтауы – экипаж мүшелері. 

5 ақпан күні Измир-Стамбұл бағытында рейс орындаған Pegasus әуе компаниясының Boeing 737-86J ұшағы әуежайға қонатын кезде ұшу-қону жолығынан шығып кетіп, жыраға құлады. Салдарынан ұшақ үшке бөлінген. Ұшақ апаты ауа райының қолайсыздығынан болған.

Соңғы жаңалықтар