«Иә, Мешімбаеваның апелляциясы бізге 7 наурызда түсті», — деп бүгін Астананың N2 Есіл аудандық сот кеңсесі растады.
Бұрын хабарланғандай, биыл 14 ақпанда N2 Есіл аудандық соты А.Мешімбаеваны жалпы режімді колонияға жеті жылға бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар, сот оның мүлкін тәркілеп, бес жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды.
Сот статистикалық агенттіктің талап-арызын қанағаттандырды, ведомствоға А.Мешімбаевадан 558 млн 249 мың 309 теңге өтеледі.
Мұнымен қоса, бюджетке 16 млн 747 мың 482 теңге мөлшерде мемлекеттік баж өндіріп алынады.