Жарияланды: 380

Ставропольде құлдықта болған 10 қазақстандықтың ісі қаралуда

Ставропольдің Промышленный аудандық соты Қазақстаннан келгендерді құрылыста тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеген үш жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қарап жатыр, деп «Новости Ставрополя» сайты хабарлады.

«Тергеу мәліметтерінше 2010-шы жылы қыркүйекте Қазақстан Республикасының 10 азаматы Ставрополь қаласына ақша табуға келген. Олар қалаған келген бойда, олардың құжаттары мен жеке мүліктерін алып қойып, өздерін қала маңындағы бір саяжайға орналастырған. Сол кезден бастап зардап шегушілерді ешқандай жалақысыз, құрылыста жұмыс істеуге мәжбүрлеп апарып отырған. Тәртіп бұзылған сәтте оларды қатаң түрде ұрып-соғып отырған. Тұтқындар адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген», - делінген хабарда. Тұтқындар тек қашып шығып, құқық қорғау органдарына жүгіну арқылы құлдықтан құтылған. «Қазір құлдықтан құтылған олар жұмысқа орналастырылып, баспанамен, тамақпен қамтамасыз етілген. Сот тергеуі аяқталғанша олар РФ территориясында федералдық миграциялық қызмет қорғауында болады. Сот ісі аяқталған соң, олар елге қайтуына, не сол жақта заңды түрде қалуына құқықтары болады», - деп жазады басылым.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін