Бұл туралы аймақтық ТЖД кезекшілік бөлімінен хабарлады.
«Келеңсіз жағдай Степногор қаласының автовокзалы маңында орын алған. Бұл туралы қалалық ТЖБ кезекшілік бөліміне 30 наурыз күні сағат 12:25 шамасында хабар түскен. Өрт № 22 электропойызының 3407 жолаушылар вагонынан шыққан.
Тілсіз жауды ауыздықтауға қалалық ТЖБ жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт техникасы, «Степногор тау кен металлургия комбинаты» АҚ-нің 4 жұмысшысы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Аталған электропойыз Степногор қаласы мен Ақсу кенті аралығында кеншілерді тасымалдайды. Абырой болғанда адам шығыны болған жоқ», деп көрсетілген хабарламада.