Степногорскіде аузына электродетонаторды салып іске қосқан жігіт қаза болды
Ақмола облысында Степногорск қаласында жас жігіт өзіне қол салды, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінен. 21-жастағы жергілікті жігіттің денесі өткен сенбіде оның пәтерінен табылған. "Жігіт өзін-өзі жарып жіберген. Ол аузына электродетонатор салып, оны электр розеткасына қосқан. Жігіт өлер алдында ""мә сендерге" деп хат жазып кетіпті, деп атап өтті полициядан. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін