Жарияланды: 380

Стросс-Кан енді қызметкерлерді тек ер адамнан жалдайды

Бұрынғы ХВҚ басшысы Доминик Стросс-Кан сот үкімін күтіп, үйқамақта тұрып жатқан Нью-Йорктегі пәтерін тазалап жинауға тек ер адамдарды жалдайтын болды.

Осындай жолмен, деп жазады бүгін американың баспасөзі, Стросс-Кан әйел айналдырды деген жаңа айыптаулардан сақтануды көздейтін сияқты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Өткен аптада Халықаралық валюта қоры экс-басшысының отбасы жалға алып отырған аумағы 630 шаршы метр баспанасын жинап, тазалауға екі ер адамды шақырған. Баспасөздің айтуынша, олар айыпталушының қызы мен әйеліне дүкен аралап, сауда жасауға көмектескен. АҚШ-та қонақүйдің қызметкер әйелін зорлауға әрекет жасады деген айып тағылып отырған ХВҚ бұрынғы басшысы қазіргі уақытта Нью-Йорктің Трайбек ауданындағы 14 миллион доллар тұратын үш қабатты үлкен үйде тұрып жатыр. Үйдің ішінде кинотеатр, тренажер залы, сауна, төрт ұйықтайтын бөлме бар. Осы үйде тұрғаны үшін Стросс-Кан айына 50 мың доллар пәтерақы төлейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін