Дэвид – қарапайым ет сатушы. Әкесінің қол астында жұмыс істейді. Өмірде жолы болмаған жігіт. Жасы қырықтан асса да, әлі отбасын құрмаған.
Алайда, күндердің күнінде ол мың ұйықтаса да, түсіне кірмеген жантүршігерлік жаңалық естиді. Дэвид – жалғызбасты емес, ол бақандай 533 баланың әкесі.
Мұндайды естіген қырықтағы жігіт есеңгіреп қалады. Студент кезінде ол арнайы мекемеге шауқатын сатқан. Енді сол тұқымнан тараған 533 бала өз әкесін білмек болып бел буған екен.
Оқиға желісі әрі қарай, тіпті, шиеленісіп кетеді. Осы уақытқа дейін алқам-салқам жүрген Дэвид бір күнде 533 балаға әке болуға тәуекел етеді. Фильм әзіл-оспақ, астыртын мысқылға толы. Басты рөлді сомдаушы актер Винс Вон осы рөлге ену үшін 27 келі артық салмақ қосқан көрінеді. Өз өміріне атүсті қарайтын адам, осылайша, табан асты өзгеріп шыға келеді.
Фильм кәмелетке толған көрерменге арналған. Комедияда адам сенбес түрлі қызықты оқиғалар жетерлік. Кино бүгіннен бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Жіберіп алмаңыз!