Бұл байқау «Жасыл» экономика мен G-Global дамуы үшін коалициясы» ЗТБ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ««Жасыл экономикаға» бағытталған Қазақстан жолы: ол қандай?» және «Менің ЭКСПО-2017 туралы түсінігім» тақырыптары бойынша өткізілмек.
Байқауға қатысуға 16-24 жастағы орта арнайы және жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады. Қатысушылар жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қазақ немесе орыс тілінде эссе жазып, greenkaz.kz@gmail.com электронды поштасына жолдауы тиіс.
«Эссенің көлемі 1-3 бет, Microsoft Word редакторында, Times New Roman 12 шрифтімен жазылады. Алаңдары — жоғары және төмен — 2 см, сол жақтан — 3 см, оң жақтан — 1,5 см. Эссе файлдың атауы: Тегі, аты-жөні. Эссе мәтінінен кейін қатысушының аты, әкесінің аты, тегі, туған жылы, қаласы, оқу орны, e-mail, байланыс телефоны жазылады. Эссе қабылданатын соңғы мерзім — 2014 жылғы 31 наурыз», — делінген хабарламада.
Жеңімпаздар 25 сәуірде ұйымдастырушылар сайтында жарияланады.
Айта кетейік, эссе инновациялық көзқарасы, бірегей ойлау қабілеті, сараптау, тақырыпты білу және сол тұрғыдан ой толғау сынды критерилері бойынша бағаланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 21-23 мамырда Тәуелсіздік сарайында VII Астана экономикалық форумында өтеді.