Студенттер депутаттарға мұңын шақты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Студенттер депутаттарға мұңын шақты

Студенттер депутаттарға мұңын шақты

Алматылық дәрігерлерге науқастарды тіркейтін бірегей база, мектеп оқушыларына сапалы тақта, колледж студенттеріне оқытылар пәндер санын азайту қажет. Оңтүстік астананың оқу орындары мен емдеу мекемелерін көруге келген Мәжіліс депутатарына мамандар осылай шешімін таппай жатқан түйткілдерін жеткізді.

  • 15 Ақпан 2014
  • 398
Фото - Caravan.kz

Елбасының жолдауын екі етпей дереу іске кіріскен депутаттар өңірлерді аралап мегаполиске де жетті. Әдеттегідей оңтүстік астананың алдын-ала әзірленген орындарынан емес, бұл жолы халық қалаулылары мәселені іштен шынайы болмысын көруге ниет білдірді.  

-Я хотела бы чтобы сегодня наш разговор был максимально деловым и открытым, здесь все свои.

Дариға Назарбаеваның осы сөздері әсер етті ме, бүгінгі кездесуге жиналған дәрігерлер созбаққа салмай, түйткілдерін төтесінен қойды. Атап айтар болсақ, туберкулезге шалдыққан студенттерге жағдай жасалмаған. Денсаулыққа зиян деп тыйым салынған кальян әлі күнге дейін емін-еркін саудалануда. Тағы бір мәселе…

-Когда мы собираемся сводные данные, мы сами звоним в акимат, в минздрав. У них никогда этого не бывает, у них нет базы данных.

Осылайша ауруханадағы олқылықтарды атқамінерлер тізіміне сызып алды. Депутаттар бас сұққан келесі нысан – мына мектеп. Білім ордасы директорының айтуынша, мұнда кез-келген оқушы соңғы үлгідегі заманауи технологиямен тәрбиеленеді. 

Депутаттар оқушылар мәселесін іштен көруге тырысып көрді. Соларша жазу жазып, әр тәлімгердің электрондық күнделігіне үңілді. Дегенмен ұстаздар жиілеп кеткен себепсіз тексерістерден шаршадық деп отыр. Және қазіргі кезде нарықта сапасыз қаптаған тақталардың көбейгенін де жеткізді.


-В школе проблемы с досками. Каждый год, два меняем вот что становится

Жолдауда бизнес саласына аса мән берілгендіктен, болашақ кәсіпкерлерді дайындап отырған Бизнес колледжі шенділер назарынан тыс қалмады. Аспаз, даяршы дейсіз бе, барлығын студенттер тәжірибе жүзінде көретініне көз жеткізді. Десе де, өзекті мәселелерді оқытушылар айтудан гөрі жоспарлап, жік-жігіне бөліп бір бума қағазбен табыстады.

Гүлмира Исимбаева, Мәжіліс депутаты:

-Минималды әлеуметтік стандарттар заң жобасы қарауда. Сол заң жобасын айтылып отырған мәселелерді заңдылық норма ретінде енгізуді көздеп отырмыз.

Айтылған түйткілдерді Мәжіліс депутаттары жуырда шешіледі деп сендірді. Өңірлерге шығып, халықпен кездесулерін әлі де жалғастырмақ ниетте екен.