Су тасқынын болдырмауға бөлінген қаражат кімнің қалтасына кетті? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқынын болдырмауға бөлінген қаражат кімнің қалтасына кетті?

Су тасқынын болдырмауға бөлінген қаражат кімнің қалтасына кетті?

Көктемгі су тасқынынан халық зардап шегіп жатыр. Картага қарасаң Қазақстан толық батып бара жатқан сияқты. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Көкшетау, Қостанай облыстары суға кетіп жатыр.

  • 1 Сәуiр
  • 340
Фото: pixabay.com

Бүгінгі күні 11 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ал зардап шегіп, үйсіз, дүние-мүліксіз қалған халық одан да көп, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, осының алдын алуға бюджеттен 7 миллиард теңге бөлінген. Қайда ол ақша? Биыл қар көп түскені белгілі, көктемде оның еритіні де айтпаса да болатын жайт. Ал билік қайда қарап отырды? 

Осы тұста қаражаттың қай өңірде қалай игерілгеніне тоқталайық.

Орал, Батыс Қазақстан облысы

Оралда 26 наурыз күні табиғи апаттың орын алуына байланысты төтенше режим енгізілді. Келесі күні қалада ыстық және суық суды өшірді. Немқұрайлы қарым-қатынасы үшін қала басшысы Миржан Сатқанов қатаң сөгіс алды. 

2023-2024 жылдары жолдар мен көшелердің тазалығына жауап беруге тендерді «Жайық Таза Қала» ЖШС жеңіп алған.  Ол Орал қаласында су сорумен айналысады. Тендердің жоспарланған сомасы — 5,9 млрд теңге, нақты сомасы-1,8 млрд теңге.

Компанияның құрылтайшысы-Тұрарбек Тілемісов, Орал қалалық мәслихатының депутаты болған, ал қазір БҚО мәслихатында отыр. 2015 жылдан бастап оның компаниясы бюджетке 3,2 млрд теңге төлеген, 2023 жылы 552 млн теңге. «Мой город» басылымының жазуынша, «Жайық Таза Қала» ЖШС – қала көшелерін қардан тазалаумен ғана емес, еріген қар мен жаңбыр суын сорумен де айналысатын жалғыз коммуналдық кәсіпорын.

Арқалық, Қостанай облысы

Қостанай облысында 28 наурыз күні төтенше жағдай режимі енгізілді. Су басқан аудандардан 300-аса адам көшірілді. Облыс басшысы бұрын соңды бұндай су тасқынының болмағанын айтты. 

Бұл өңірде 2024 жылы қар тазалау және шығарумен бірнеше компания айналысады. Оның біреуінің құрылтайшысы Қостанай облысы маслихатының депутаты Абай Мұқанов. «Алюминстрой» ЖШС арқылы ол «Тазарту – Арқалық» компаниясына иелік еткен. Онда 54 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған, яғни абаттандыру, жинау, қоқыс жинау жұмыстары кірген. Бұл туралы ақпарат Adata.kz сайтында берілген. Биыл қар тазалау және шығару жұмыстарына 8,8 млн теңге жоспарланған. 

Сонымен қатар, Арқалықта қар тазалаумен «KomJolStroy» компаниясы айналысады. Жыл соңына дейін компанияның екі келісімшарты бар: 27 млн және 18 млн теңге. Құрылтайшысы-Жанна Бейсекеева. Салықтар: 2017 жылдан бастап 128 млн теңге, оның ішінде 2023 жылы 29,9 млн теңге.

Алайда бұл компанияның көктемдегі су тасқынының алдын алуға шамасы жетпей қалған сияқты. Наурыз айының басында қар шығару үшін екі жеке компаниямен келісімшартқа тұрған. Сомасы 4,8 млн және 2,6 млн теңге. 

Семей, Абай облысы

Семей екі апта бұрын суға бата бастады. Сол кезде ТЖД су тасқынын алдын алу мақсатында қаладан 1500 куб метр еріген суды тартқан.

ТЖ мәліметінше, бірер күн бұрын қала әкімдігі «Семей тазалық» ЖШС келісімшартқа отырған, яғни, қала көшелерін тазалауға 1,2 млрд теңге бөлінген. 

Тендерді жеңіп алған компанияның құрылтайшылары-Нұржан Даниял мен Бекжан Қапышев. Соңғысы Семей мәслихатымен соттасқанымен танымал, оның кандидатурасы қаланың Қоғамдық кеңесіне сайланбаған кезде шу шығарған. Компанияның салықтары: 2015 жылдан бастап 507 млн теңге, оның ішінде 2023 жылы 156 млн теңге.

Ақтөбе, Ақтөбе облысы 

Су тасқынынан Ақтөбе де қатты зардап шекті. Ақтөбеде де су тасқынының салдарымен бірнеше компания айналысады. «Алматы» ауданында су тасқынына қарсы іс-шараларға 107 млн теңге, «Астана» ауданында 71 млн теңге бөлінді. Тендер жеңімпазы — ZNS Group компаниясы, құрылтайшысы — Гаухар Шинбаева. Салықтар: 2016 жылдан бастап 175 млн теңге, оның ішінде 2023 жылы 72 млн теңге.

Компанияда техника (экскаваторлар, бульдозерлер, автокран және т.б.), мобильдік бригада болуы тиіс, олар қажет болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Техникалық ерекшелік бойынша ZNS Group өзендердің арналарын және арықтарды қардан, мұздан және қоқыстан тазартып, жер қоршау және су бұру құрылыстарын салуы тиіс.

Бұдан басқа, 25 млн теңге сомаға сарқынды және атмосфералық суларды соруға екі тендер ойнатылған. Екеуін де MN Construction компаниясы жеңіп алды. Құрылтайшысы — Мейрамбек Жұмағалиев. Салықтар: 2015 жылдан бастап 29 млн теңге, оның ішінде 2023 жылы 873 мың теңге. 

Эксперт маманның айтуынша, алдын алудан , кейін салдарымен күрескен тиімді екен мемлекетке, себебі ақша шашудың жақсы бір жолы.  Бұл жерде шикілік бар.

Қостанай облысында қарғын судан зардап шеккен отбасы мүшелеріне 100 мың теңгеден қаржы беріле бастады.  Бүгінге дейін 183 адам көмек қаражатын алыпты. Қарғын су зардабына 18 млн теңге бөлініпті.

Қазақстан Халқына ұйымы тасқын судан зардап шеккендерге үй салуға 5 млрд теңге (11,2 млн доллар) бөлмекші. 2022 жылдың көктемінде «Қазақстан халқына» қоры Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданына көмек берген.

Билік неге апаттың алдын алмайды, неге жылда халық зардап шеккеннен кейін қаржы бөледі. Осы жерде бір «гәп» бар, ақша бөлісудің амалы сияқты… 

Әйтпесе, осылай болары белгілі болды ғой. Сол кезде бәрі «көктемгі тасқын суға дайынбыз» деп ақпар берген.

Осы су тасқыны басталған кезде Президент елде болған жоқ, ол Қытайда жүрді. Ал кеше жағдайдың күрт нашарлауына байланысты шұғыл жиын өткізді. Кейбір басшыларға сөгіс жариялады. Ал енді не өзгереді? 

Күтейік, бақылайық, халқыма тек сабыр мен төзім тілейміз. 

Соңғы жаңалықтар