Және өз саласының қыр-сырын қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін 1 жылдық сынақ мерзімінен өтеді. Бүгін еліміздің ақпарат құралдары басшыларымен кездескен Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, соттағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін осы жылдың соңына дейін барлық сот залдары аудио-бейнебақылау техникасымен жарақтандырылады. Сондай-ақ алдағы уақытта ғаламтор арқылы құжатқа қол жеткізіп, барлық құнды ақпаратты алуға мүмкіндік туады. Жиын соңында Қайрат Мәми журналистер қауымын төл мерекесімен құттықтап, Құрмет грамотасы мен сый-сияпат табыс етті.
Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сот төрағасы: — Бүгінгі таңда сот әділдігін сапалы жүргізу мәселесі ғана емес, халықтың сот жүйесіне деген оң көзқарасын қалыптастыру мәселесі де көп алаңдатады. Осы ретте қоғамдық пікірді бірден-бір қалыптастыратын ең басты институт. БАҚ қызметкерлері, яғни сіздердің рөлдеріңіз өте зор. Ал ақпараттық ашықтық Жоғарғы сот қызметінің басты басымдығы болып табылады. Ақпарат http://24.kz/kz сайтынан алынды.