Жарияланды: 920

Су-энергетикалық проблемаларды шешуде Қазақстан ұдайы пәтуаға келеді - Қырғызстанның "Электр станциялары"

Бішкек. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Су-энергетикалық проблемаларды шешуде Қазақстан ұдайы пәтуаға келеді. Қырғызстанның "Электр станциялары" ААҚ бас директорының орынбасары Пулат Иминов Қазақстан Бүгін тілшісіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Шенеуніктің айтуынша, Тоқтағұл су қоймасындағы дағдарысты ахуалды ескерген Қазақстан келісімге келді. "Келіссөздерден кейін осы жолы 4,5 цент бағамен 400 млн кВт-сағ электр қуатын беру жөніндегі келісімге қол қойылды", - деді П. Иминов. Қырғызстан премьер-министрі Игорь Чудинов келісімге келгеннен кейін 4,5 цент деген жоғары баға екенін атап өтті. "Электр қуатының экспортынан түскен қаражат Бішкек ЖЭО отынмен қамтамасыз етуге жұмсалады, бұл ЖЭО сұранысының тек үштен бір бөлігі ғана", -деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть