Сүйгенімнің отбасылы екенін тым кеш білдім - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сүйгенімнің отбасылы екенін тым кеш білдім

Сүйгенімнің отбасылы екенін тым кеш білдім

Сүйгенінің отбасылы екенін білген ару сырымен бөлісті.

  • 24 Желтоқсан 2018
  • 169
Фото - Caravan.kz

Сәлеметсіздер ме!

Мен сіздермен басымнан өтіп жатқан оқиғамен бөлісіп, ақыл кеңестерінізді тыңдағым келеді. Тек бір өтінішім бар, қатты айтып, сөкпеңіздерші.
Жарты жылдан асып келеді жігітім бар. Ол екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз, ол өте жаксы жігіт, мені еш ренжіткен емес. Оның қасында болсам, уақыт тоқтап қалса екен деп қиялдайтынмын. Үйдегі ата-анама да жігітім туралы айтып, тіпті суретін көрсеттім. Ата-анама да "жақсы жігіт сияқты" — деді. Мен оныменен қатынаста болып қойдым, пәктігімді алды. Ол мені уәденің астында қалдырды, барлығын сен үшін жасаймын деп мен оның уәдесіне сендім әрі шын ғашық болдым. Ол менің бақытым өмірдегі қамқорышым деп ойлайтынмын, осы уақытқа дейін солай армандап келдім. Әттең бәрі бос әурешілік екен.

Мен оның отбасылы екенін, ұл-қызы бар екенін білдім. Неге, неге деп көзімнен жас тиылар емес, өзімді тірі өлік секілді сезініп тұрмын. 


Өлгім келеді, өзімді жек көріп тұрмын. Енді қалай өмір сүруге болады, айтыңыздаршы?