Сүндет тойға 20 мың адам шақырған депутаттың табыс көзі қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сүндет тойға 20 мың адам шақырған депутаттың табыс көзі қандай?

Сүндет тойға 20 мың адам шақырған депутаттың табыс көзі қандай?

 Қырғызстан бас прокуратурасы парламент депутаты Жырғалбек Саматовтың табысын тексермек,

  • 30 Желтоқсан 2013
  • 658
Фото - Caravan.kz

деп  қадағалау органының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жоғорғұ Кенеш депутаты Ж.Саматов 30 желтоқсанда түсінік беру үшін бас прокуратураға шақырылған.

Қазіргі кезде бас прокуратура Ж.Саматовтың табысы мен мүлкі туралы және бес жасар ұлының сүндет тойына кеткен шығын туралы мағлұматтарды тексеруде.

Бұған дейін Қырғызстанның бірқатар ақпарат құралдары 14-15 желтоқсанда «Ата-Жұрт» оппозициялық фракциясының депутаты Ж.Саматов Ош облысының Үзген ауданында 20 мың қонақ шақырып сүндет той жасап, ат шаптырған. Сыйлыққа түйе, ат мінгізген.