«Сыбаға» бағдарламасы басталғалы 27,8 млрд. теңгеге қанша ірі қара мал сатып алынды? - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сыбаға» бағдарламасы басталғалы 27,8 млрд. теңгеге қанша ірі қара мал сатып алынды?

«Сыбаға» бағдарламасы басталғалы 27,8 млрд. теңгеге қанша ірі қара мал сатып алынды?

 «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қара мал (ІҚМ) сатып алу жөніндегі белгіленген жоспарды орындады,

  • 28 Қаңтар 2015
  • 630
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады «Аграрлық несие корпорациясы» баспасөз қызметінен. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарына сәйкес, 2014 жылы 50 мың бас ІҚМ сатып алу жоспарланғанымен, ауыл шаруашылғы тауар өндірушілері өткен жылы Корпорация қаржысына 53 мың 800 бастан аса ІҚМ сатып алды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты — етті тұқымды мал басын асылдандыру арқылы ет бағасын төмендету.

Бүгінгі таңда аталған бағдарлама Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында белсенді түрде жүзеге асып келеді.

2012 жылдан бастап, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржыландыру несие серіктестіктері жүйесі арқылы да жүзеге аса бастады. Өткен жылы несие серіктестіктерінің қатысушыларына 2 млрд. теңгеден аса қаржы бөлініп, оған 10 мыңнан аса ІҚМ сатып алынды. 



Корпорация «Сыбаға» бағдарламасы басталғалы бері 27,8 млрд. теңгеге 1972 жобаны қаржыландырылып, оған 147 мыңнан аса ірі қара мал сатып алынды.