Сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың 80%-ы мемлекеттік қызметкер - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың 80%-ы мемлекеттік қызметкер

Сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың 80%-ы мемлекеттік қызметкер

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында ведомство төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді.

  • 8 Ақпан 2017
  • 2268
Фото - Caravan.kz


Оның айтуынша, бүгінгі таңда «А» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер санын 35%-ға қысқарту қажет. Сонда «Б» корпусындағы азаматтардың жалақысын арттыруға болады. Ол үшін әкімшілік шығындарды да азайтуға тура келеді. Сондай-ақ жиында мемлекеттік қызметкер жемқорлыққа барса, сол органның жетекшісін де жазаға тарту қажеттілігі айтылды.

— Мемлекеттік қызметкерлердің сана-сезімін өзгерту керек. Ұжымда бірге еңбек етіп жатқан адамдар жемқорлық әрекетінің куәсі болса, міндетті түрде ведомство басшысы немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабар беруі тиіс. Бұл мәселе өзекті болып тұрғандықтан, осындай шешім қабылдауға мәжбүрміз. Сонда қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімі артады, дейді  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.

Соңғы жаңалықтар