Сычуаньда сейсенбі күні болған жер сілкінісінен үш адам мерт болып, 23-і жараланған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сычуаньда сейсенбі күні болған жер сілкінісінен үш адам мерт болып, 23-і жараланған

Сычуаньда сейсенбі күні болған жер сілкінісінен үш адам мерт болып, 23-і жараланған

Алматы. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Сычуаньда сейсенбі күні болған жер сілкінісінен үш адам мерт болып, 23-і жараланған, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 6 Тамыз 2008
  • 411
Фото - Caravan.kz

Жарақаттанғандардан бес адам аса ауыр жағдайда болғандықтан, зілзала құрбандарының саны артатын түрі бар.

Ал 12 мамырда Сычуаньда болған кейінгі 30 жылдағы аса қуатты жер сілкінісінен 70 мың адам өлім құшқаны белгілі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қытайдың Сычуань провинциясында кеше тағы да қуаты 6 балл жер сілкінісі болды.

АҚШ-тың геологиялық мониторинг (USGS) қызметінің мәліметінше, магнитудасы 6 балл жер сілкінісі Қытайдың Сычуань және Гансу провинцияларының шекарасында, Гуанюань қаласынан солтүстік батысқа қарай 50 шақырым жерде болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті