Жарақаттанғандардан бес адам аса ауыр жағдайда болғандықтан, зілзала құрбандарының саны артатын түрі бар.
Ал 12 мамырда Сычуаньда болған кейінгі 30 жылдағы аса қуатты жер сілкінісінен 70 мың адам өлім құшқаны белгілі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қытайдың Сычуань провинциясында кеше тағы да қуаты 6 балл жер сілкінісі болды.
АҚШ-тың геологиялық мониторинг (USGS) қызметінің мәліметінше, магнитудасы 6 балл жер сілкінісі Қытайдың Сычуань және Гансу провинцияларының шекарасында, Гуанюань қаласынан солтүстік батысқа қарай 50 шақырым жерде болған.
Сондай-ақ, «Синьхуа» ақпараттық агенттігі бүгін Сычуань провинцисының Цинчуань уезінде таңертеңгі сағат 07.55-те Рихтер өлшемі бойынша қуаты 4,5 балл жер асты дүмпулері қайталанғаны туралы ақпаратты таратты.
Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті