Мәрияш Тастамбетова кәсіби алаяқтардың құрығына түскен. Клиент тартып, саудасын жүргізу үшін көзбайлаушылардың көмегіне жүгініпті. Бірнеше тоны мен ішігіп апарып, тауарын дуалап беруді өтінген. Бірақ сеніп барған сығандары, өзін сан соқтырып кетіпті. Алаяқтарға алданғанын гипноздың күші кеткеннен кейін бір-ақ білген. Кейін көзбояушылар Теміртау қаласында қолға түсіп, ішік-тондарын қайтарғанымен, алтындарын алып қалған. Ең қызығы, алаяқтардың арбауына полицейлер де түссе керек, олар сығандарды қоя беріп, «ұрлық жасадың» деп Мәрияштың өзін қамап тастаған.
Мәрияш Тастамбетова күдікті:
— Емшімін деп өзін таныстырды. Лицензиясына үңіліп қараған жоқпын. Заттарымды беріп кеткем. Олар қашып кетіпті.