Сырдария өзеніне батып бара жатқан 17 жастағы бойжеткен құтқарылды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырдария өзеніне батып бара жатқан 17 жастағы бойжеткен құтқарылды (ФОТО)

Сырдария өзеніне батып бара жатқан 17 жастағы бойжеткен құтқарылды (ФОТО)

 Сырдария өзеніне батып бара жатқан 17 жастағы бойжеткен құтқарылды. Бұл туралы ОТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Ақпан 2015
  • 457
Фото - Caravan.kz

Кеше 11 сағат 55 минут кезінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» 17 жастағы қызды ққтқарды.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінен Сырдария өзенінің ортасындағы арал жағасында белгісіз бір бойжеткен көмек сұрағаны жөнінде хабар түскен болатын.

Оқиға орнына ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің басшысы Б.Ембергеновтің басқаруымен 5 құтқарушы шықты. Анықтау барысында  белгілі болғандай, Сырдария өзенінің аралында 1998 жылы туылған жергілікті колледж студенті, өз еркімен жүзіп барып кері қайта алмаған. 

Жасақ құтқарушылары шұғыл әрекет етіп, зардап шегушіні құтқару жұмыстарына кірісіп кетті. Үрлемелі қайықтың көмегімен киімдері су болған тоңып қалған қызды жағаға шығарып, жедел-жәрдем қызметкерлерін шақырып, жылы киімдерді кигізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Құтқарылған азаматша қорқынышты сезіммен не жағдай болғанын түсіндіріп, айтып бере алмады.


Құтқарушылардың жедел және кәсіби жұмыстарының арқасында қызды құтқару операциясы сәтті аяқталды.
Сырдария  

Сырдария  

Сырдария  

Сырдария