Сырдария өзеніне батып өлгісі келген әйел құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырдария өзеніне батып өлгісі келген әйел құтқарылды

Сырдария өзеніне батып өлгісі келген әйел құтқарылды

Сәуір айының 6-сы күні 17 сағат 58 минутта ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекші диспетчеріне Қызылорда облысы ТЖД кезекшісінен Сырдария өзенінің жағасында, «Жағалау» аумағында белгісіз әйел өз-өзіне қол жұмсағысы келгені жөнінде хабар келіп түсті. Бұл туралы ОТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 8 Сәуiр 2016
  • 513
Фото - Caravan.kz

Жасақ құтқарушылары аталған мекен-жайға шұғыл түрде шықты. Жасақ құтқарушыларын көрген әйел кісі суға секіріп кетті. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері бірлесіп, шұғыл түрде жас әйелдің өмірін құтқарып, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Содан кейін жас әйелдің толық мәліметтері және тұрғылықты мекен-жайы анықталды. Ол Қармақшы ауданы Жосалы қыстағының тұрғыны болып шықты. Өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенуінің себебін полиция қызметкерлері  анықтауда.