Сырдарияның маңындағы ең қауіпті жерлерден 207 адам көшірілді - ҚР ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырдарияның маңындағы ең қауіпті жерлерден 207 адам көшірілді - ҚР ТЖМ

Сырдарияның маңындағы ең қауіпті жерлерден 207 адам көшірілді - ҚР ТЖМ

Астана. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Сырдарияның маңындағы ең қауіпті жерлерден 207 адам көшірілді . Бұл туралы бүгін ҚР ТЖМ-інде өткен баспасөз мәслихатында ТЖМ баспасөз қызметінің бас маманы Любовь Шапошникова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Ақпан 2008
  • 384
Фото - Caravan.kz

«Сырдарияның жағалауындағы ең қауіпті жерлерден халықты көшіру жөніндегі шешім бойынша 18 ақпан күнгі сағат таңертеңгі 8-дегі жағдаймен 207 адам көшірілді», — деді ТЖМ-іне Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті жіберген ақпаратты оқып берген Л. Шапошникова.

Құжатқа сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Сүткент ауылынан 19 адам, Түркістан ауданының Қызылшаруа ауылынан 12 , Отырар ауданының Ақкөл және Мирный ауылдарынан тиісінше 148 және 28 адам көшірілген.

«Эвакуация жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес 3 күнге созылады, қазір ахуал бақылау астында», — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті