Сырдарияның сол жақ жағалауында «жаңа» Қызылорда қаласы бой көтермек - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырдарияның сол жақ жағалауында «жаңа» Қызылорда қаласы бой көтермек

Сырдарияның сол жақ жағалауында «жаңа» Қызылорда қаласы бой көтермек

Қызылордада Сырдария өзенінің сол жақ жағалауына салынатын құрылыс нысандарының жоспары әзірленді.

  • 31 Қазан 2014
  • 2254
Фото - Caravan.kz

«Қаланың бас жоспарын жобалау жұмыстары аяқталуға жақын. Онда Сырдарияның сол жақ жағалауын игеру көзделген. Топырақты геологиялық зерттеу жүргізіліп, нақты жоспар дайындалды», – деп «Байқоңыр» IV инвестициялық форумы шеңберінде өткен отырыста облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлім етті.

Оның айтуынша, «бұл – бірегеу жоба».

«Өйткені, біз Астананың үлгісі бойынша өзеннің сол жақ жағалауын игеру арқылы жаңа қала саламыз», — деді Қ.Көшербаев.

Қала салушылар архитектураның шығыстық стиліне тоқталыпты.


«Аталған бағытта жұмыс басталып та кетті. Биылғы жылдың қыркүйек айында Сырдария өзенінің үстіне аспалы көпір салуға кіріскен болатынбыз. Құрылысты біз барынша қысқа мерзімде аяқтамақпыз», — деді аймақ басшысы.