Жарияланды: 20

"Сыртқа шығуларына тыйым салынған": Депутат мектеп оқушыларының жағдайына алаңдаушылық білдірді

"Сыртқа шығуларына тыйым салынған": Депутат мектеп оқушыларының жағдайына алаңдаушылық білдірді

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова ел мектептеріне енгізілген санитарлық талап балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетінін айтып, алаңдаущылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутат биыл оқушылар дәстүрлі оқу форматына ауысқанына байланысты мектепте санитарлық талаптар күшейтілгенін еске салды.

" "Бір класс – бір кабинет" принципі балалардың мектепке кіргеннен шыққанға дейін бір бөлмеде отыруын көздейді. Демек, үзіліс кезінде де олардың сыртқа шығуына тыйым салынған. Мұндай талап олардың денсаулығына кері әсерін тигізбей ме? Балалар далаға шықпайды, бұрынғыдай ойнамайды, яғни қозғалмайды", - деп сұрады ол үкімет сағатында денсаулық сақтау министрінен.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл талап арқылы оқу процесін қауіпсіз ету көзделгенін айтты.

"Өкінішке орай мұндай форматта оқуға мәжбүрміз. Өйткені онлайн оқу мен "бір класс – бір кабинет" форматы арасында таңдау жасадық. Шектеу шараларының талаптары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан алынды. Ұйымның оқу процесін ұйымдастыру туралы нақты талаптары бар. Және біз оны ұстанамыз", - деді Цой.

Оның айтуынша, кабинеттен шықпау талабы толықтай орындалып отырған жоқ.

"Балаларды ұстап отыру оңай емес, олар дәлізге шығады. Сыныптардың өзара араласпауын қадағалауға тырысамыз. Үлкен үзілістердің өзі көп адамның шоғырлануын болдырмау үшін интервалмен жасалады", - деді ол.

Баланың физикалық дамуына нұқсан келмеуі үшін мектепте дене жаттығуларын жасауға кеңес берілген. Кабинеттерді желдету, кварцтау жүзеге асырылады.

"Қазіргі кезде рециркулятор деп аталатын ауаны тазартатын құрылғылар қойылып жатыр. Ол балалар сыныпта болмаған кезде ауаны тазартады. Елорданың біраз мектебіне мұндай құрылғыны орнаттық", - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін