Т. Теменовтің жаңа картинасына Жерар Депардье де қатысыпты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Т. Теменовтің  жаңа картинасына Жерар Депардье де қатысыпты

Т. Теменовтің жаңа картинасына Жерар Депардье де қатысыпты

«Махаббат бекетінің» жалғасы! Режиссер Талғат Теменов жасөспірімдерге арналған жаңа туындыны түсіріп бітті. Романтикаға толы «Менің күнәлі  періштем» фильмі бүгін журналистердің назарына ұсынылды. Кинокартина алдағы күзде көрерменге жол тартпақ.

  • 11 Маусым 2011
  • 587
Фото - Caravan.kz

Жаңа туынды  тосын оқиғаларға толы. Әнші болуды армандаған Айша бай-манаптың шырмауына түсіп қалады. Бірақ кейін қарапайым Азамат деген жігітпен кездесіп, махаббаттың тек адал болуы керектігіне көз жеткізеді. Режиссер бұл ретте әр образдан бүгінгі адамзаттың бейнесін көрсетуге тырысқан. 

Талғат Теменов, фильм режиссері:

 Періште күнәсіз болады. Біз ол туралы айтамыз. Бірақ бүгінгі заманда барлық адам күнәлі, барлық адам періште. Сондықтан бұл әр адамның өзі туралы.

Гүлмира Дайрабаева, актриса, тележүргізуші:

 Фильмнің басты мазмұны 21 ғасырда жоғалып кеткен романтикалық сезім туралы. Сондай бір сағыныш тудыратын, сондай бір жақсы дүние деп ойлаймын.

Жас  артистерден бөлек, фильмде кезінде француз киносының көрігін қыздырған, қартайғанда қазақ киносынан қалмай жүрген әйгілі Жерар Депардье де бір тұлғаны сомдапты.

Талғат Теменов,
фильм режиссері:

—  Қазақстанның халық  артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты — Жерар Депардье!  Қалжыңым ғой. Бірақ, шын мәнінде Жерар қазақ киносына түсіп жүр, қазақ қиносына тер төгіп жүр.

Жаңа туындының жарық көруіне Депардьеден басқа да француздар күш жұмсапты. Канн фестивалінде топ жарған әйгілі «Такси», «Ямакаси» секілді филімдерді монтаждаған  мамандар бұл жолы «Менің күнәлі періштемді» кесіп-пішіп, нақышын келтіруге тырысуда. 

Николя Трамбасьевич, монтаждаушы:

—  Кез келген маман басқа елде жұмыс істегенде сол жердің салтына қанық  болу керек. Бұл ретте қазақы мінез-құлықты зерттеуге тырыстық. Онсыз жақсы фильм құрастыру қиын.

«Қазақфильм»жасөспірімдерге арналған туындыны түсіруге 300 млн теңге жұмсапты. Бүгінде барлық жұмысы аяқталған фильм тек алдағы күзде көрермендерге жол тартпақ.

Соңғы жаңалықтар