Тайбэй төңірегінде ATR 72 ұшағы апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайбэй төңірегінде ATR 72 ұшағы апатқа ұшырады

Тайбэй төңірегінде ATR 72 ұшағы апатқа ұшырады

TransAsia әуе компаниясына тиесілі ATR 72 жолаушылар ұшағы Тайвань астанасы Тайбэй төңірегінде апатқа ұшырап, өзенге құлады.

  • 4 Ақпан 2015
  • 363
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Сонымен қатар, лайнер эстакадада кетіп бара жатқан таксиді де зақымдаған. Жүргізуші жарақат алды.
Апат салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тапты. Жарақат алғандардың нақты саны анықталып жатыр.
Құтқарушылар лайнерден 26 адамды шығарып алды. Операция әлі де жалғасып жатыр.
Турбовинтті ұшақ бортында барлығы 58 адам болған. Оның бесеуі экипаж мүшесі.