Тайланд армиясы елде зорлық-зомбылық артқан жағдайда күш қолдануға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайланд армиясы елде зорлық-зомбылық артқан жағдайда күш қолдануға дайын

Тайланд армиясы елде зорлық-зомбылық артқан жағдайда күш қолдануға дайын

Тайланд әскерлері елде саяси дағдарыстан туындаған зорлық-зомбылық ушыққан жағдайда күш қолдануы мүмкін,

  • 15 Мамыр 2014
  • 441
Фото - Caravan.kz

деп бүгін Тайланд армиясының бас қолбасшысы Прают Чан-оча мәлімдеді.

«Мен барлығына, әсіресе қорғансыз азаматтарға қарсы күш қолданатындарға айтарым, қазір доғарыңдар, өйткені мұның бәрі жалғасатын болса, бейбітшілік пен тәртіпті қалпына келтіру үшін әскерлер араласуға тура келеді», дейді ол.

Әскери басшы егер бүлік кезінде бейбіт азаматтар зардап шексе, жағдайды реттеу үшін және батыл шаралар қабылдау үшін әскерге күш қолдануға тура келетінін атап көрсетті.

Бұған дейін мәлім болғандай, белгісіз топтың Бангкокте үкіметке қарсы демонстранттар лагеріне шабуыл жасауы кезінде үш адам қайтыс болып, 24 адам жарақат алды.


Осылайша, былтыр қараша айынан бері бүлік салдарынан қайтыс болғандар саны 28 адамға жетті. 800-ден астам адам жарақат алды.