Жарияланды: 610

Тайсойған полигоны жерлерінің 90% Қазақстанның шаруашылық айналымына қайтарылуы ммүкін

Ресейге жалға берілген «Тайсойған» әскери полигоны жерлерінің 90%-ға жуығы Қазақстанның шаруашылық айналымына қайтарылуы мүмкін, деп хабарлады ҚР парламенті сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.

«РФ мемлекеттік ұшу-сынақ орталығына жалға берілген «Тайсойған» полигоны жерлерінің 90%-ға жуығы шаруашылық қызмет жүргізу үшін жергілікті халық пен мұнайшыларға қайтарылуы мүмкін», - дедіС. Еңсегеновдүйсенбі күні Қызылқоға ауданында Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс ведомстволарының өкілдерімен кездесуде. Депутаттың ақпараты бойынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы Ресейдің 929 мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының ҚР аумағында орналасқан объектілері мен соғыс алаңдарын жалға беру туралы келісім 2000 жылы ратификацияланды. Ол келісімге сәйкес, Қызылқоға ауданындағы жерлердің 749 582 га әскерилерге беріліп, онда кез-келген шаруашылық қызмет жүргізу заңсыз саналады. «Әрине, мен осы жерлерді жалға беру туралы келісімге қол қойған Қазақстан мен Ресей үкіметтері үшін жауап бере алмаймын. Бірақ әскери ретінде айтарым, біз осындай нысандарға жақын тұратын адамдармен ортақ тіл табысуға әрқашан да дайынбыз. Ресейлік әскерилер Қазақстан жалға бергені үшін жылына $4 млн алып отырған Тайсойған полигонының шекараларын қайта қарауға дайын деп ойлаймын», - деп мәлім нтті кездесуде РФ қорғаныс министрлігінің 85-ші полигонының бастығы Александр Зимин. «Біз пайдаланылмай отырған жерлерді жалға алып отырмыз деп есептеледі. Бірақ егер Қазақстанға тиімді болса, біз полигонның шекарасын қайта қарап, құмды аймаққа қарай ығысамыз немесе жалға алатын аумақты қысқартамыз. Біздің есептеуімізше, бізге қазір жалға алып отырған 750 мың гектардың шамамен 1300 гектары жеткілікті. Осылайша, Қазақстанға полигон жерлерінің шамамен 90%қайтарылады», – дедіА. Зимин. Бұрын хабарланғандай, кеңестік армияның ауыр және орташа ауыр зымырандары сыналған «Тайсойған» полигонында мұнай қоры табылған болатын. «Біз ол жерде мұнай кен орны бар екенін анықтадық, осыған байланысты енді бұл мәселені РФ-мен келіссөз деңгейінде шешіп жатырмыз. Егер ол аумақты игеріп, мұнай өндіретін болсақ, РФ үшін полигон үшін басқа жерден орын береміз», - деген болатын ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев сәуір айында. . «Тайсойған» полигоны қазақстандық «Ембімұнайгаз» мұнай өндіруші компаниясы учаскесінің аумағында орналасқан. Полигонды Валерий Чкалов атындағы мемлекеттік ұшу сынақ орталығы авиациялық техника жүйелерін сынау үшін жалға алған. «Тайсойғанда» барлау жұмыстары 1990-шы жылдардың екінші жартысынан бері жүргізіліп келді, бірақ сынақтарға байланысты тоқтатылған болатын. Қызылқоға ауданындағы жерлердің бір бөлігі өсімдік шаруашылығына жарамды. Бұл жерде рапс, бидай, сафлор басқа да дақылдар жақсы өседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін