Тайвань: жерлеу шарасын көңілді әуен мен жалаңаш биге айырбастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайвань: жерлеу шарасын  көңілді әуен мен жалаңаш биге айырбастаған

Тайвань: жерлеу шарасын көңілді әуен мен жалаңаш биге айырбастаған

Соңғы сапарға стриптизбен! Тайвань халқы қаза тапқандарды әдеттегі азалы жерлеу шарасын енді көңілді әуен мен жалаңаш биге айырбастаған. 

  • 15 Шiлде 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz


Аралдағы мұндай жабайы дәстүр алғаш рет 80-ші жылдардың соңында бастау алыпты. Қазір стриптиз-шоумен жерлеу рәсімі кей өңірлерде ерекше дамып кеткен. Бір қызығы, тұрғындар мұны діни үрдіс деп шығарыпты. Яғни өлген адамның жаны көңілді әуенмен жай табады-мыс. Сондай-ақ, қайғыны ұмытуға және қазаға келіп көңіл айтудан қашқақтайтын жандарды көптеп шақыруға мүмкіндік берумен қатар, қаза тапқан адамның өзіне мұндай “мерекенің” өткізілгені ұнар еді деген пікірде. Және жаңа үрдіс байлар арасында емес, тек кедейлер арасында кең тараған. Мұндай стриптиз шоуларға Тайвань билігі қарсы, бірақ мүлдем тыйым салуға шамалары жетер емес.