Тайваньда өзенге құлаған ұшақ не себепті апатқа ұшырағаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайваньда өзенге құлаған ұшақ не себепті апатқа ұшырағаны анықталды

Тайваньда өзенге құлаған ұшақ не себепті апатқа ұшырағаны анықталды

Тайваньда апатқа ұшыраған TransAsia Airways әуе компаниясы ұшағының

  • 7 Ақпан 2015
  • 346
Фото - Caravan.kz

екі қозғалтқышы да істен шыққан, деп хабарлады Би-би-си.

Құлаған ұшақтың ұшқышы қозғалтқыштағы ақау орын алған сәттен 35 секунд өткеннен кейін апат сигналын жолдаған.  

Тайвань билігі айтқандай, ол ұшақтың көп қабатты үйлерге құламауы үшін қолынан келгенін жасаған.

Ұшақ бортында 58 адам — 53 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.


Апат салдарынан, соңғы мәліметтерге сай, 35 адам қаза тапты, 15-і жапа шекті, сегізі із-түзсіз жоғалған.