Тайваньда туристер тірідей өртеніп кете жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайваньда туристер тірідей өртеніп кете жаздады

Тайваньда туристер тірідей өртеніп кете жаздады

Тірідей өртеніп кете жаздаған туристер! Тайваньда ойын-сауық паркінен табан асты өрт шығып, 500-ден астам адам зардап шекті. Бір адам қаза тапты деген ақпарат бар.

  • 30 Маусым 2015
  • 206
Фото - Caravan.kz

От туристер билеп жатқанда тұтанған. Түнгі сауық кешін одан әрі қыздыра түсеміз деген қытайлар аспанға көбік шашып, артынша отшашулар атып, ақыр аяғында дүйім жұртты отқа орады. Алапат өрттен қашқан жұрт бірін-бірі таптап өте жаздаған. Жалында қалғандардың бәрі де ауыр дене жарақаттарын алды. Тіпті, денелерінің 50 пайызы күйіп қалғандар да бар. Өртке сапасыз пиротехника немесе темекі тұқылы себеп болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.