Тайвань астанасы Тайбэй маңында TransAsia әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апаты салдарынан қайтыс болғандар саны 23 адамға жетті.
Бұл туралы американдық Эн-Би-Си телеарнасы Тайвань азаматтық авиация басқармасына сілтеме келтіре отырып мәлімдеді.
TransAsia әуе компаниясының ATR 72 ұшағы ұшу кезінде эстакадаға тиіп кетіп өзенге құлаған. Оның бортында 58 адам болған. Апат себептері анықталуда.