Талай қыздың арманы болған актер отбасын құрғалы жатыр (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талай қыздың арманы болған актер отбасын құрғалы жатыр (ФОТО)

Талай қыздың арманы болған актер отбасын құрғалы жатыр (ФОТО)

Қазақстанның танымал актері Санжар Мәдиевтің жақын арада отбасын құратыны белгілі болды. Бұл туралы актер өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады. 

  • 3 Қараша 2014
  • 546
Фото - Caravan.kz


Болашақ жарына сырға салғаннан кейін Санжар онымен бірге түскен суретін жариялаған.

Шоу-бизнес саласында жүрген продюсер Жан Мұқанов өзінің Instagram-дағы парақшасында актердің қалыңдығының есімі Мөлдір екенін жазды. «Жаңа жоба! Мегадарынды Санжар Мәдиев пен өте сұлу Мөлдірдің үйлену тойы», — деп хабарлады Жан.

Санжар Мәдиев қазақстандықтарға «Алқызыл қоян туралы аңыз», «Аңыздар кітабы: жұмбақ орман», «Елес қуған сайыпқыран», «Шыршалар 2» фильмдері бойынша танымал болған. Санжар биылғы жылдың желтоқсанында шығатын «Марко Поло» фильмі мен 2015 жылы прокатқа шығатын «Кенесары» тарихи картинасына түскен. 

2

1