Сапар барысында қала басшысы жылыжай кешенінің жұмысымен, коммуналдық қалдықтарды жинау бойынша кәсіпорын мен қалалық әкімшілікте болып, Ининнің 2030 жылға дейінгі Басты даму жоспарымен танысты.
Құлжа қаласы (немесе Инин) — Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданындағы қалалық уезд (ҚХР), Іле-Қазақ автономдық округінің әкімшілік орталығы. Іле өзенінің солтүстік жағалауында Қытай мен Алматы облысының шекарасынан шығысқа қарай 100 шақырым жерде Құлжа жазығында орналасқан.