Талдықорғанда ер адам өзенді көлікпен кешіп өтпек болып, суда тұрып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда ер адам өзенді көлікпен кешіп өтпек болып, суда тұрып қалды

Талдықорғанда ер адам өзенді көлікпен кешіп өтпек болып, суда тұрып қалды

Талдықорғанда ер адам Қаратал өзенін көлікпен жүріп өткісі келіп, суда тұрып қалды.

  • 10 Сәуiр 2022
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

9 сәуірде түнгі сағат 00:42-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Талдықорғанда 1989 жылғы ер адам Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігімен Қаратал өзенін кешіп өткісі келіп, өзен ортасында тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Көлік Қаратал өзенінің ортасында 1.5 — 2 метр тереңдікте тұрып қалғаны хабарланды. Ал жүргізуші көліктің төбесіне шығып алған. 

"Құтқарушылар құтқару арқанының және кеудешенің көмегімен ер адамды құтқарып, жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады", — деді ТЖД өкілдері.

 

Соңғы жаңалықтар