Талдықорғанда мектептің күзетшісін өлтірген күдіктілер ұсталды
Талдықорған. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Талдықорған полициясы №18 мектептің күзетшісін өлтірген үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Өткен айдың аяғында №18 мектептің күзетшісі күзет үйінде өліп жатқан жерінен табылған болатын. 1974 жылы туған жігіттің денесінен 51 пышақ жарақаты табылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өлімге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды : олардың біреуі осы мектепте 11 сыныпта оқиды, ал қалған екеуі осы мектепті бітірген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін