Талдықорғанда сержант "әкем өлді" деп өтірік айтып, он күн демалыс алған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда сержант "әкем өлді" деп өтірік айтып, он күн демалыс алған

Талдықорғанда сержант "әкем өлді" деп өтірік айтып, он күн демалыс алған

Талдықорғанда сот заңсыз он күн демалыс алған әскери қызметкерге қатысты үкім шығарды.

  • 25 Маусым 2018
  • 152
Фото - Caravan.kz

Мамырдың басында сержант әскери қызметтен уақытша босағысы келеді. Ол әкесі қайтыс болғаны туралы рапорт жазып, отбасылық жағдайына байланысты он күн демалыс алған. Дегенмен тексеріс кезінде әкесі аман-есен екені анықталған, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Бір айдан кейін қылмыстық іс Талдықорған гарнизонының әскери сотында қаралды. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамға алдау жолымен әскери қызметтен жалтарды деген айып тағылды.

Сот әскери қызметкерді кінәлі деп танып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 120 мың теңгеден астам айыппұл салу түрінде жаза белгіледі.

Оқи отырыңыз:

"Күнде Әзірет-Сұлтан мешітіне барып тіледім": Қыдырәлінің ұлы ҰБТ-дан 128 ұпай жинады

1 шілдеде дүниеге келген әрбір тұңғыш сәбиге домбыра сыйлыққа беріледі

Астанада жантүршігерлік жол апаты: Олжас Сүлейменовтің немересі қаза болған