Талдықорғанда тәртіпсіздіктерге қатысқан екі мектеп оқушысы үйқамақта отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда тәртіпсіздіктерге қатысқан екі мектеп оқушысы үйқамақта отыр

Талдықорғанда тәртіпсіздіктерге қатысқан екі мектеп оқушысы үйқамақта отыр

Талдықорғанда қаңтар айының басында болған тәртіпсіздік кезінде ұсталған екі оқушы үйқамақта отыр. Олар мектепке бармайды. Білім басқармасының мәліметінше, балаларға ұялы телефон мен компютерді пайдалануға тыйым салынған.

  • 4 Ақпан 2022
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үйқамақта отырған балалар 10 және 11 сынып оқушылары.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Роза Барманованың сөзінше, үйқамақта отырған оқушылар еркін оқу форматында білім алуда.

"Олар еркін оқу форматында білім алуда. Бізде асинхронды оқыту жүйесі бар, мұнда оқушының тәуелсіз білім алуы қарастырылған. Бірақ бұл баланың қалаған уақытында сабаққа қатысады деген сөз емес, міндетті түрде мұғаліммен келісу қажет. Содан кейін бөлімдер мен тақырыптар бойынша сұрау алынады. Біз үнемі ата-аналармен байланыста отырамыз. Біз үшін баланың мектепті бітіріп, аттестат алғаны бәрінен маңызды", — деді ол.

Оқушылардың ата-аналарының сөзіне сенсек, сол күні оқушылар көшеге кездейсоқ шығып қалған.


"Бірақ мен олардың әрекетін құптамаймын", — деп қосты Барманова.
Алматы полициясы өз кезегінде қалада мектеп оқушыларының ұсталу фактілері болмағанын жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар