Талдықорғанда жылу қазандығында жарылыс болып, 280 нысан жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда жылу қазандығында жарылыс болып, 280 нысан жылусыз қалды

Талдықорғанда жылу қазандығында жарылыс болып, 280 нысан жылусыз қалды

Бұл жөнінде қала әкімдігі мәлімдеді.

  • 11 Қаңтар 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Талдықорғанда жылумен байланысты төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz  ке сілтеме жасап.  

Сағат 12.55-те "Жетісу" шағын ауданындағы №1 екі қабатты қазандық жарылған. Ақпаратқа сүйенсек, жарылыс терезе блоктарын қиратқан, зардап шеккендер мен өрт болмаған.

"Оқиға кезінде бір қазандық жұмыс істеп тұрған, қазір резервтік қазандық іске қосылып жатыр. Жылыту магистраліндегі беру температурасы 52 градус, жұмыс температурасы бір сағат ішінде қалпына келтіріледі", — деп мәлімдеді әкімдік.

№1 қазандық 70 көппәтерлі және 112 жеке үйді, сегіз бюджеттік және 97 басқа нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Қаладағы ауа температурасы -11°С.


Қазандықта болған төтенше жағдайдың себебін мамандар анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар