Талдықорғандық оқушылар робототехника бойынша бүкіләлемдік олимпиадада 3-орынға ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғандық оқушылар робототехника бойынша бүкіләлемдік олимпиадада 3-орынға ие болды

Талдықорғандық оқушылар робототехника бойынша бүкіләлемдік олимпиадада 3-орынға ие болды

Талдықорғандық оқушылар құрастырған робот-гироскоп Сочидегі робототехника бойынша бүкіләлемдік олимпиадада 3 орынға ие болды, деп хабарлады «Экспресс-К» газеті.

  • 8 Желтоқсан 2014
  • 478
Фото - Caravan.kz
Робототехника пәнінің мұғалімі Николай Авдюнин айтқандай, бұл жоба бойынша ол 8-сынып оқушысы  Ратмир Сартбаев пен 9-сынып оқушысы  Бек Талғат екеуімен бір жылдан астам жұмыс жасаған. Алғашқы нұсқасын республикалық байқауда көрсеткен, кейін бұл роботты жетілдірген.

«Біздің робот-гироскопымыз ғарыш стансасының тұрған жерін бір сантиметрге дейінгі дәлдікпен түзеп, Күн энергиясын алу үшін фотоэлементтерді қажетті ракурсқа бағыттау үшін оны бұра алады», — дейді жас өнертапқыштар Ратмир Сартбаев пен Бек Талғат.